Қарағанды облысы білім басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Гапеев к-сі, 29/2

+7 (7212) 980161

  • Халықаралық және академиялық серіктестік

Woosong университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 14 мамырда «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Woosong University (Оңтүстік Корея) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және оқушылар үшін жаңа білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар білім беру және академиялық байланыстарды дамыту, оқушыларға халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ түрлі білім беру жобалары мен іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру бағытында өзара әрекеттесуді жоспарлап отыр.

Woosong University университетімен орнатылған серіктестік «Дарын» мектеп-лицейі оқушыларының халықаралық білім беру кеңістігімен танысуына және болашақ мамандықтары мен жоғары оқу орнын таңдауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

IELTS Upgrade School тіл мектебімен ынтымақтастық туралы келісім жасалды

2026 жылғы 15 сәуірде «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен IELTS Upgrade School тіл мектебі арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Аталған ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға, халықаралық емтихандарға, соның ішінде IELTS емтиханына дайындалуына қолдау көрсету және оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.

Ынтымақтастық аясында оқушылар мен педагогтерге арналған кездесулер, семинарлар, кеңестер және түрлі білім беру іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар білім алушылар халықаралық емтихандарға дайындық, шетелде білім алу мүмкіндіктері және академиялық даму бағытында пайдалы ақпарат ала алады.

IELTS Upgrade School-пен серіктестік – «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына сапалы тілдік білім алуға, өз білімін жетілдіруге және болашақта халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

       Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжімен ынтымақтастық орнатылды

 

         «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты білім алушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына қолдау көрсету және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық байланыстарын дамытуда.

Осы бағытта 2026 жылдың мамыр айында мектеп пен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу жөнінде ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім алушыларға мамандықтар әлемі туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың кәсіби қызығушылықтарын анықтауға қолдау көрсету және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру.

Келісім аясында 9–11-сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарына қатысу, кәсіби кеңестер өткізу, ашық есік күндерін ұйымдастыру, сондай-ақ колледж базасында экскурсиялар мен кәсіби сынамалар өткізу жоспарланған.

Оқушылар колледждегі білім беру бағдарламаларымен, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылатын мамандықтармен танысып, таңдаған кәсіби бағыттары бойынша тәжірибелік сынақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Аталған ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алуына және болашақ білім беру бағытын дұрыс таңдауына ықпал етеді.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетімен ынтымақтастық

         

         «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетімен білім беру және кәсіби бағдар беру бағытында тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Бүгінде мектеп университеттің шет тілдері, математика және ақпараттық технологиялар, физика-техникалық, биология-география факультеттерімен өзара ынтымақтастық туралы келісімдер аясында бірлескен жұмыстар жүргізуде.
         Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, кәсіби бағдарын анықтауға қолдау көрсету және «мектеп–жоғары оқу орны» арасындағы сабақтастықты нығайту.
Бірлескен жұмыс аясында университет оқытушыларының қатысуымен дәрістер, шеберлік сабақтары, практикумдар, кездесулер және басқа да танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, білім алушыларды пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау, мамандықтар әлемімен таныстыру және болашақ кәсіби бағытын саналы таңдауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
          Бұл серіктестік білім алушыларға жоғары оқу орнының академиялық ортасымен танысуға, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес болашақ мамандығын таңдауға, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы берік серіктестік – сапалы білім мен табысты болашақтың маңызды негізі!