2022-2023 оқу жылына 5-сыныпқа қосымша қабылдау
«Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ 2022-2023 оқу жылына қазақ тілінде оқитын 5-сынып оқушылары үшін 7 бос орынға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын балалар арасынан қосымша қабылдау жариялайды:
Іріктеу конкурсына:
· мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасынын балалары;
· ата-аналарының бiреуi бiрiншi топтары мүгедектiктiгi бар отбасының балалары;
· мугедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасы балалары;
· жетім балалар мен ата-анасыны\ң қамкорлығынсыз қалган отбасылар:
· отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-ананың қамкорлығынсыз қалған балалар;
· төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
· экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылары;
· мемлекеттік немесе қөғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi атқарған кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезiнде қаза тапкан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау «Дарын» КММ-де 16-23 тамыз аралығында жүргізіледі.
Халыктық осал топқа жататынын растайтын құжаттар түпнұсқа болуы керек.
Тестілеу 2022 жылдың 24 тамызында өтеді.
5-сыныпқа тестілеу 40 сұрақтан тұрады:
математика және логика-40 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ.
Қосымша ақпаратты мына мекен жай бойынша алуға болады: Гапеева к-сі, 29/2, «Дарын» ММИ»КММ
тел: 98-01-21
Тіркелу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз: