Қарағанды облысы білім басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Гапеев к-сі, 29/2

+7 (7212) 980161

  • Іс-шаралар

       Бүгін, 03.02.25 күні, «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы төңірегінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, есірткіге жол жоқ, алаяқтық, жол қауіпсіздігі» тақырыбы аясында мектебіміздің оқушылары мен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі— Смагулов Сұлтан Ермекович; Қарағанды облысының ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының бастығы, полиция подполковнигі— Омарова Асель Бахытжановна; Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі— Жақұдаев Данияр Әбілқасымұлы; Оңтүстік-шығыс ПБ Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры— Мукышев Мирас Ермекович және Оңтүстік-шығыс ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция капитаны— Закирова Айнұр Ермековнамен кездесу өтті. 

          Кездесудің негізгі мақсаты— оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықты алдын алу және жастарды есірткі, алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерден сақтандыру болды.
        Шара барысында мамандар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдарын талқылап, заң бұзудың жауапкершілігі туралы түсінік берді. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбы кеңінен қозғалып, оның денсаулыққа зияны мен заңдық салдары жайлы ақпарат ұсынылды.
        Сонымен қатар, алаяқтық әрекеттерден қорғану, киберқауіпсіздік және интернеттегі қауіп-қатерлер туралы да маңызды ақпарат берілді. Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселелер бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.

        Ауғаныстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылуына 36 жыл толуына байланысты мектебімізде тарихи тағылымы мол кездесу өтті. Оқушыларымыз Ауған соғысының ардагерлері – Жуматаев Айтпай Мұхтарович, Тоқтабеков Серғали Жұмағұлович және Маханов Нұрболат Қарибайұлымен кездесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен естеліктерін тыңдады.
       Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлеріміздің ерлігі мен батылдығын дәріптеу, олардың бастан кешкен оқиғалары арқылы тарихымызды тереңірек түсіну.
Кездесу барысында қонақтар Ауған соғысының қиын кезеңдерін, сол кездегі жауынгерлік міндеттері мен бастан өткерген ауыр сәттерін баяндады. Олар соғыстың адам өміріне тигізген әсері, достық пен бірліктің маңызы туралы жүрекжарды әңгімелерін бөлісті.
      Оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың шынайы жауаптарын естіді. Кездесу әсерлі әрі мағыналы өтіп, оқушылар өздері үшін үлкен тәлім алды.

 

       06.02- 08.02 күндер аралығында мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Ұлттық мектеп лигасы» бойынша облыстық кезеңі өткізілуде. Облыстық дарынды мектептер: “Дарын”ММЛИ, “Озат” ММЛИ, Музыкалық ММИ, №1 “Білім-инновация”, “Н.Нұрмақов” ММЛИ, “Жамбыл атындағы ММЛИ”, Балқаш “Зияткер” ММЛ, “Мұрагер” ММЛИ, “Ақпараттық Технология” ММЛИ Жарысқа ұлдар командасынан 8 команда, ал қыздар арасында 6 команда сынға түсті.

     

      Дарын ММЛИ 7 сынып оқушыларының арасында
“Буллингке жол жол жоқ” атты оқушылар арасындағы тәлім-тренді ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға , жақсы көруге, қолдауға, сыйлауға үйрету болып табылады.
Жауапты: 7 сынып тәрбиешісі Бахытжан Санакбаевна

         

           17 ақпанда Қарағанды университетінің студент-практиканттары психолог А. Б. Байсимакованың жетекшілігімен 10 сынып оқушыларына «Сынып ұжымының бірлігі» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылар арасында өзара түсіністікті дамыту және командалық рухты нығайту болды. Тренинг барысында ұжымдағы қарым-қатынасты, сенім мен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар өткізілді, бұл сыныпта неғұрлым ұйымшыл және қолдаушы атмосфераны құруға ықпал етті.

Кітапханада 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме арқылы ұстаздар мен оқушылар өз ризашылықтарын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Оқушылар мен мұғалімдер жүрекжарды алғыстарын қалаған адамдарына арнап, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара барысында алғыс айту мәдениетінің маңыздылығы түсіндіріліп, бір-біріне ізгі тілектер айтылды. Іс-шараның басты мақсаты – мейірімділік пен ризашылық сезімін қалыптастыру, адамдар арасындағы сыйластықты нығайту болды. Дарын мектебінің шәкірттері мен ұстаздары бұл игі шараға белсенді қатысып, жүрекжарды алғыстарын білдірді

    «Қазақтың шоқ жұлдызы” Ш.Уалихановтың 190 жылдық мерейтойына 7 “Б” сыныбында танымдық сабақ өтті. Оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы біршама ақпарат алды.

 

 

Музыка сабағында 6 ,,Б»сынып оқушыларымен біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған “Тұнық жырдың Тұманбайы»атты ақпататтық сағат өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірбаянын,қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне шолу.Оқушылар ақынның өлеңдерінің шығу тарихымен танысып,сөздеріне жазылған әндерін орындады.

08.04.2025 күні “Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі” тақырыбында мектеп врач-педиатры Едіге Айдана Әзілханқызы және 5-ші қалалық емхананың балалар фтизиатры Жуманбаева Шарбат Нуркеновнамен танымдық кездесу өткізілді. Мамандар оқушыларға:
1.Дұрыс тамақтану тәртібі;
2.Жеке бас гигиенасы;
3.Туберкулез және оның алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпараттар берді.
Балалар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

       География пәні мұғалімі А.Карибаева 7б-сынып оқушыларымен Ш.Ш.Уәлихановтың 190-жылдық мерейтойына арналған “Шоқан экспедициясының маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
      Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын, оның экспедицияларының тарихи және географиялық маңызын талқылау, қазіргі заманғы ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін бағалау.  Дөңгелек үстел барысында оқушылар Шоқанның өмірбаяны, зерттеулері мен ғылыми қызметі,экспедицияларының маңызына жан-жақты тоқталып, ғылыми мұрасының қазіргі заман үшін қаншалықты құнды екендігін анықтап,ой бөлісті.

3.04 күні 9 “Б” сыныбының сынып жетекшісі С.Аркашевна ата-аналармен жиналыс өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде 3- тоқсанның қорытындысы және оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы қарастырылды. Сынып жетекші «Діни  экстремизм, терроризм» тақырыбында баяндама оқыды. Радикализм, экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беріліп, ара жігін ажырату бойынша ата- аналармен сұрақ- жауап жүргізілді. Балалардың бүгінгі ақпарат көп заманда жамандықтан аулақ болуының алдын алу шаралары туралы айтылды. https://rutube.ru/video/76e8e36446991831d7edbc5314b398fd/. Ата- ана жауапкершілігі туралы қысқа видеоролик көрсетілді.