Бірінші жартыжылдықта дарынды оқушыларымыз мектеп қоржынын керемет жүлделермен толықтырды:
— «Менің шағын Отаным» байқауының республикалық кезеңі Шамелова Адия — 1 дәрежелі диплом; — жаратылыстану пәндері бойынша (математика,биология,химия,физика) президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің жеңімпазы Давыдова Варвара — мадақтама;
— халықаралық STEM олимпиадасының абсолютті жеңімпаздары — Қадырбек Абылай, Тәшен Бейбарыс, Жұмажан Мирас-1 орын;
— робототехника бағыты бойынша FIRST халықаралық байқауда Избасар Мадияр, Әбжан Тамерлан, Ергазинов Санжар, Еркебуланов Мансур, Жанболатұлы Абылайхан, Бейсен Мерей халықаралық кезеңге жолдама алды. Шәкірттерімізге алар асулары көп болсын деп тілейміз!
Біз үшін 15 қараша ерекше күн – мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған 5-сынып оқушыларына арналған салтанатты «Ғылымдар шеруі» мерекесі! Бұл атаулы шарада пәндік кафедралар атынан жоғары сынып оқушылары сахна төрін нағыз ғажайыптар алаңына айналдырды! Мақсатымыз – бүлдіршіндеріміздің ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Кішкентай данышпандар үлкен буыннан үлгі-өнеге алып, болашақта талай белесті бағындырады деп сенеміз!
«Дарын» ММЛИ мен Қарқаралы ауданының ЖББ мектептері(барлығы 13 мектеп) арасында «Ауыл-қала» жобасы аясында 27.10.-01.11. аралығында «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында күзгі мектеп жұмысы жүзеге асты. Қарқаралы ауданынан келген барлығы 126 оқушымен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қызу басталып кетті. Бағдарлама аясында түске дейін уақытта 11- сынып оқушылары таңдап отырған пәндері бойынша дайындық сабақтарында болса, түстен кейінгі бос уақыттарында – мектепішілік іс шараларға (психологиялық тренингтерге, спорт ойындарына, өнер,би кештеріне белсенді қатысты, сонымен қатар мектептен тыс ісшаралар да ұйымдастырылды (Букетов зерттеу университетінің математика, физика, биология-география факультеттерімен танысу, театр, кинотеатрға бару). Бірлескен ісшара өз жемісін береді деп ойлаймыз.

2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары
- Бекенова Айару -9сынып, математика- III
- Сайлау Әлішер-9 сынып , математика – ІІІ
- Мұздыбай Алмас-10сынып, математика- II(абсолют.)
- Давыдова Варвара-11сынып, математика – III
- Тұрсынғали Жалғас-11сынып, математика – ІІІ
- Шафиков Эмиль -11сынып, математика – ІІІ
- Тілеубай Әлжан -9сынып, физика — ІІІ
- Амангелді Тілек -10сынып, физика — ІІ
- Тіріболсын Алихан -10 сынып, физика – ІІ
- Муканов Алижан -10 сынып, физика — ІІІ
- Ерболат Аружан -11сынып, физика – ІІІ
- Әуезхан Сержан – 11 сынып, физика — ІІІ
- Рахимова Саяжан -11сынып, химия –ІІІ
- Ерік Әділ — 9 сынып, биология – ІІІ
- Нағызбек Алмас -10 сынып, биология –І
- Дауренбеков Асанали – 10 сынып, биология – ІІІ
- Талғатбек Нұрай -10 сынып, биология – ІІІ
- Темірханов Нұрәділ- 11 сынып, биология-ІІІ
- Нусупбеков Мирас- 11 сынып, биология – ІІІ
- Төлеу Аяжан — 11сынып, биология – ІІІ
- Айдарбек Әбілмансур- 9 сынып, география-ІІІ
- Бесембай Бекарыс -9 сынып, география-ІІІ
- Садуова Сымбат -11сынып, география – ІІ
- Зәйкен Гүлназ -11 сынып, география – ІІІ
- Малиева Арманай -10 сынып, қазақ тілі мен әдебиеті – ІІІ
- Мақат Жанел -10 сынып, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі-ІІІ
- Бояубаева Азиза – 11 сынып, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі- ІІІ
- Секербаева Аружан -11 сынып, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі –ІІІ
- Сатыбалдина Ақерке 10 сынып, Қазақстан тарихы-ІІІ
- Аштай Мирас -11сынып, Қазақстан тарихы – ІІ
- Бегзатқызы Айгерім -10 сынып, құқық негіздері – ІІ
- Абдильманапова Дана -10 сынып, құқық негіздері – ІІІ
- Избасар Мадияр -10 сынып, ағылшын тілі – ІІ(абсолют.)
- Насырова Камила -10 сынып, ағылшын тілі – ІІ
- Адилова Сабина 11 сынып, ағылшын тілі –ІІІ
- Жұмажан Мирас 11 сынып, ағылшын тілі – ІІ
- Өмірзақ Нұрасыл 11 сынып, ағылшын тілі – ІІ
Оқушыларымызды құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік!Оқушыларымызды жеңіске жетелеген пән мұғалімдеріне- Ахметова Ж.И., Мекеева А.А., Бекежанова А.Қ., Аскаров А.Н., Акашева Ж.К., Жунусов М.С., Шибаева С.Р., Тусупова Г.С., Булегенова И.Е., Сарпаргалиев А.Б., Шарбекова Б.Ғ., Карибаева А.М., Абикенова Ж.Қ., Қадырқызы А., Уалиев М.Е., Смагулов Б.А., Қозбаева А.К., Газизова Л.А., Байжаханова З.И. Алғыс білдіреміз! Сіздерге қабілетті оқушылар мен өз қызметтеріңізде шығармашылық өрлеу, сондай-ақ зор денсаулық, барлық мақсаттарға жету үшін зор күш-қуат тілейміз!
Керемет жаңалық!«Дарын» ММЛИ мектебіміздің республикалық денгейде мәртебесін көтерген жеңімпаздарымызды мақтан етеміз!
20-23 ақпан күндері Алматы қ. 1-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық «First Robotics Almaty Tech Cup 2025» робототехника бойынша ғылыми жобалар конкурсында ІІІ орын алған топ мүшелерін – Қадырбек Абылай, Тәшен Бейбарыс, Избасар Мадияр, Әбжан Тамерлан, Ергазинов Санжар, Еркебуланов Мансур, Жанболатұлы Абылайхан, Алдабаев Алимжан (9-10сынып оқушылары) ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Дайындаған пән мұғалімдеріне Смагулова Н.С. және Бигазина Ш.К.(информатика пәнінің мұғалімдері) мың Алғыс!
24-28 ақпан күндері Атырау қ. 8-11 сынып оқушылар арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар сайысында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Мақат Жанел, Қайролла Айшабибіні(10-сынып оқушылары) және мадақтамамен марапатталған Айдарбек Әбілмансұрды (9-сынып оқушысы)
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дайындаған пән мұғалімдеріне Қадырқызы А.(орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі ) мен Шарбекова Б.Ғ. (география пәні мұғалімі) мың АЛҒЫС!
Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен және «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығымен 2025 жылдың 3-сәуірі күні ұйымдастырылған “Оқу &математикалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық сайысында Қарағанды облысының командасы ерекше табысқа жетті. Сайыс қазақ тілі, қазақ әдебиеті және математика пәндері бойынша өтті. Команда құрамына 5 қазақ тілі және 5 математика пәнінің мұғалімдері кірді.
Қарағанды облысының командасы республикалық сайыстың барлық кезеңдерінде жоғары ұпай жинап, 3 кезеңдік сайыстың қорытындысы бойынша 20 облыстың ішінен I орынды иеленді. Осы табысты нәтижеге бізідің мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Аскаров Алтынбек Нуркенович команда бойынша І орынға , жеке сайыстан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.