"ROBOLAND - 2023" VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
"Roboland - 2023" VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің екінші күні де аяқталды. Фестивальде өз дағдыларын Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия елдерінің қатысушылары көрсетті.
Фестивальдің екінші күнінің нәтижелері бойынша “Шынайы әлемдегі STEM технологиясы” санаттында мектебіміздің оқушылары “Күн панельдерін толықтыруға арналған гидроаккумуляторлық құрылғы” санатымен 1-орынды иеленді.
Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша 16 санат және жалпыкомандалық есептің нәтижелері бойынша Қарағанды облысының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Өзбекстан Республикасының құрамасы, үшінші орынды Маңғыстау облысы иеленді. Жеңімпаздарға фестивальге қатысу туралы дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
"ROBOLAND - 2023" VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФЕСТИВАЛІ
4 Қараша 2023