«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында оқушылар және ата-аналар арасында сайыс
1 Қараша 2023
01.11.2023ж. «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында оқушылар және ата-аналар арасында сайыс өтті. Командаларға жүгіру, секіргішпен секіру, допты эстафеталар, теннис ракеткалары мен шеңберлер ұсынылды, онда олар өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын көрсете алды. Оқушылар және ата-аналар жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс істей білу жолында бақ сынасты. Бәрі де мәреге бірінші болып келуге тырысты. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғалардың барысын бақылап, өз командалары үшін қатты алаңдады. Балалар және ата-аналар «Көңілді старттарға» қатыса отырып, өздерін үлкен спорттық біртұтас отбасы ретінде сезіне алды. «Көңілді старттарға» қатысқан оқушылар және ата-аналар өздерін нағыз ұжым ретінде сезінді. Жарыс – спорттың, денсаулық пен жастықтың нағыз мерекесіне айналды.