13.05.21 "Болашақ мамандықтары"тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты мамандық таңдау мәселесін жандандыру, кәсіптер әлемі және олардың ерекшеліктері туралы идеяларды кеңейту, қазіргі жағдайда кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру болды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықтарды таңдаудың маңыздылығын, таңдаған жұмыстан қанағаттану және қоғамға пайда әкелу туралы талқылады. Сонымен қатар оқушылар менеджмент, IT және Big Data салаларындағы мамандарды табуға арналған викторинаға қатысты.