"Экстремизм мен терроризмнің алдын алу"
Қарағанды қаласы, Дін істері басқармасының инспекторімен «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» такырыбы бойынша кездесу
3 Мамыр 2021
3.05.21 Қарағанды қаласы, Дін істері басқармасының инспекторі Райзаева Гүлназия Жандосқызы 9-сынып оқушыларына «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» такырыбы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында экстремистік және террористік діни ағымдардың көрінуіне қарсы тұру және радикалды идеяларды тарату проблемасы талқыланды. Сонымен қатар, оқушылар «Зайырлы мемлекет дегеніміз не?», «Зайырлы мемлекеттің сенетін азаматтары қандай болуы керек?» сияқты сұрақтарды қарастырды.