Біз үшін 15 қараша ерекше күн – мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған 5-сынып оқушыларына арналған салтанатты «Ғылымдар шеруі» мерекесі! Бұл атаулы шарада пәндік кафедралар атынан жоғары сынып оқушылары сахна төрін нағыз ғажайыптар алаңына айналдырды! Мақсатымыз – бүлдіршіндеріміздің ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Кішкентай данышпандар үлкен буыннан үлгі-өнеге алып, болашақта талай белесті бағындырады деп сенеміз!