Қарағанды облысы білім басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Гапеев к-сі, 29/2

+7 (7212) 980161

  • Мектепке қабылдау
  • «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына 2025-2026 оқу жылының 5-сыныбына конкурсқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың                1 ақпан-15 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды тіркеу үшін qabyldau.daryn.kz сайтына өтіңіздер.
  • Анықтама телефоны: 255241
  • Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына мынадай құжаттарды:
    1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
    2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
    3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
    4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретін;
    5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.