Қарағанды облысы білім басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Гапеев к-сі, 29/2

+7 (7212) 980161

  • Іс-шаралар

«Шабыт» жобасы аясында Дарын мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 5-сынып оқушылары театр төріне ат басын бұрды. Олар қазақ сахнасының сиқырлы әлеміне еніп, «Әли Баба және жеті қарақшы» атты әсерлі қойылымды тамашалады. Көріністің қызықты оқиғалары, актерлердің шынайы ойыны мен сахналық көріністер балалардың көңілін баурап, оларға ұмытылмас әсер сыйлады. Театр өнерінің тылсым әлемімен танысқан жас көрермендер рухани шабыт алып, ерекше көңіл күйде тарқасты.

В рамках проекта «Шабыт» учащиеся 5-го класса специализированной школы-лицея-интерната «Дарын» посетили театр. Ребята погрузились в волшебный мир сцены и посмотрели увлекательный спектакль «Али Баба и семь разбойников». Захватывающий сюжет, яркая игра актёров и красочные декорации произвели на детей неизгладимое впечатление. Познакомившись с таинственным миром театрального искусства, юные зрители получили настоящий духовный заряд и прекрасное настроение.

«Шабыт» жобасы аясында Дарын мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 5-сынып оқушылары театр төріне ат басын бұрды. Олар қазақ сахнасының сиқырлы әлеміне еніп, «Әли Баба және жеті қарақшы» атты әсерлі қойылымды тамашалады. Көріністің қызықты оқиғалары, актерлердің шынайы ойыны мен сахналық көріністер балалардың көңілін баурап, оларға ұмытылмас әсер сыйлады. Театр өнерінің тылсым әлемімен танысқан жас көрермендер рухани шабыт алып, ерекше көңіл күйде тарқасты.

В рамках проекта «Шабыт» учащиеся 5-го класса специализированной школы-лицея-интерната «Дарын» посетили театр. Ребята погрузились в волшебный мир сцены и посмотрели увлекательный спектакль «Али Баба и семь разбойников». Захватывающий сюжет, яркая игра актёров и красочные декорации произвели на детей неизгладимое впечатление. Познакомившись с таинственным миром театрального искусства, юные зрители получили настоящий духовный заряд и прекрасное настроение.

Мектебіміздің 5 “Б” сыныбының оқушылары “Тұлпар мініп, ту алған” атты жобаға үлкен қызығушылықпен дайындалып жатыр.
Балалар ұсынылған шығармаларды жаттап, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін шыңдауда. Олар тек өлеңді жаттап қана қоймай, сөз өнерінің мәнін түсінуге, ұлттық рухты сезінуге ұмтылуда.
✨ Сайысқа қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!

Ученики 5 “Б” класса нашей школы с большим интересом готовятся к проекту «Тұлпар мініп, ту алған».
Ребята заучивают предложенные произведения, развивают свою речь, расширяют знания и постигают красоту казахского слова. Они стараются не просто выучить текст, а прочувствовать его смысл и проникнуться духом национальных ценностей.

✨ Желаем всем участникам конкурса удачи, вдохновения и ярких побед!

Сегодня в СШЛИ «Дарын» в рамках работы зеленого клуба прошла викторина, направленная на развитие экологической грамотности и осознанного отношения к природе. Викторина приурочена к всемирному дню экологических бедствии. Учащиеся отвечали на вопросы о климате, природных явлениях и способах предотвращения последствий бедствий, проявив отличные знания и активность. Мероприятие способствовало не только расширению кругозора, но и укреплению навыков командной работы и экологической ответственности.

Мектебіміздің 5 «Ә» сыныбының оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған» жобасына белсене дайындалып жатыр. Оқушылар берілген шығармаларды жаттап,жетекші Аубакирова Г.З. пікіралмасты.

Ученики 5 «А» класса нашей школы активно готовятся к проекту «Тұлпар мініп, ту алған». Ребята учат предложенные произведения и совершенствуют свои знания вместе с учителем Аубакировой Г.З.

Мектебіміздің дәрігері Шайхина Ш.А. 6 «А» сыныбымен «Денсаулық — тазалықтың кепілі» атты дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының маңызы түсіндірілді.

Врач нашей школы Шайхина Ш.А. провела лекцию с учениками 6 «А» класса на тему «Здоровье — залог чистоты». Во время лекции учащимся рассказали о важности личной гигиены и здорового образа жизни.

Мектебіміздің 5 «А» сыныбының оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған» жобасына белсене дайындалып жатыр. Оқушылар берілген шығармаларды жаттап, өз білімдері мен өнерлерін шыңдауда. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🌟

 

Ученики 5 «А» класса нашей школы активно готовятся к проекту «Тұлпар мініп, ту алған». Ребята учат предложенные произведения и совершенствуют свои знания и таланты. Желаем участникам конкурса удачи и вдохновения! 🌟

2025 жылдың 10 қазан күні 5 «В» сыныбында мектеп психологы Байсимакова А.Б. «Достық пен сыйластық» тақырыбында тренинг өткізді. Сабақтың мақсаты: ұжымды біріктіру, өзара түсіністік пен сенімділікті арттыру. Оқушылар белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетуді, ынтымақтастықта жұмыс істеуді және достық қарым-қатынасты сақтаудың маңыздылығын түсінді.

10 октября 2025 года в 5 «В» классе школьный психолог Байсимакова А.Б. провела тренинг на тему «Дружба и уважение».Цель занятия: сплочение коллектива, развитие чувства взаимопонимания, доверия и уважения между учащимися.
Ребята активно участвовали в упражнениях, учились сотрудничать, поддерживать друг друга и понимать, как важно сохранять дружеские отношения в коллективе

«Дарын» ММЛИ КММ-де
11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
 
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1.Емтиханға дайындалған кезде балаңызға қалай көмек беру керек.
Ата-аналарға арналған тренинг.
Баяндамашы: Байсимақова А.Б.
2.2025–2026 оқу жылының ерекшеліктері.
Баяндамашы: мектеп директоры Айкеев С.С.
3.Қорытынды аттестацияға және ҰБТ-ға дайындық.
Баяндамашы: директордың ОІЖ орынбасары Искакова А.А.
4.Оқушылардың зияткерлік дамуы.
Баяндамашы: директордың БОЖ орынбасары Булегенова И.Е.
5.«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.
Баяндамашы: директордың ТІЖ орынбасары Ускембаева Т.Т.Желідегу қауіпсіздік.
 
Мақсаты:
11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін талқылау, қорытынды аттестация мен ҰБТ-ға дайындық барысын қарастыру, ата-аналармен бірлескен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру.
 
Жиналыс жоғары деңгейде өтті.
 
 
В КГУ «Дарын» ММЛИ
прошло собрание для родителей 11-х классов
 
На повестке дня рассматривались вопросы:
1.Как помочь ребёнку в период подготовки к экзаменам.
Тренинг для родителей.
Докладчик: Байсимакова А.Б.
2.Особенности 2025–2026 учебного года.
Докладчик: директор школы Айкеев С.С.
3.Подготовка к итоговой аттестации и ЕНТ.
Докладчик: заместитель директора по учебной части Искакова А.А.
4.Интеллектуальное развитие учащихся.
Докладчик: заместитель директора по учебно-воспитательной работе Булегенова И.Е.
5.Единая воспитательная программа «Адал азамат».Безопасность в сети.
Докладчик: заместитель директора по воспитательной работе Ускембаева Т.Т.
 
Цель:
Обсудить учебные достижения учащихся 11-х классов, рассмотреть подготовку к итоговой аттестации и ЕНТ, повысить эффективность совместной работы с родителями по вопросам воспитания.
 
Собрание прошло на хорошем уровне.

Мектепте 30.10.2025ж брокераждық комиссия өтті. Мақсаты – оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасын, қауіпсіздігін және санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру болды. Комиссия жұмысы сәтті өтіп, барлық тағам түрлері талапқа сай деп танылды.
30.09.2025г в школе прошла брокеражная комиссия. Цель мероприятия – проверка качества, безопасности и соответствия санитарным требованиям блюд, предлагаемых учащимся. Работа комиссии прошла успешно, все виды блюд признаны соответствующими требованиям.

Облыстық Гоголь атындағы кітапханада ашық есік күні мен «Кітап оқитын ұлт» атты акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін дамыту болды.
Іс-шараға біздің мектебіміздің 7 «Б» сыныбының оқушылары белсене қатысты.
Олар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, кітап көрмесімен танысып, өз ойларымен бөлісті.

В областной библиотеке имени Гоголя прошёл День открытых дверей и акция «Читающая нация».
Цель мероприятия – повысить интерес учащихся к книгам и развить культуру чтения.
В мероприятии активно приняли участие учащиеся 7 «Б» класса нашей школы.
Ребята выполняли познавательные задания, познакомились с книжной выставкой и поделились своими впечатлениями.

26 қыркүйек күні мектебімізде Денсаулық күні кең көлемде аталып өтті. Оқушылар әртүрлі спорттық және ұлттық ойындар бойынша өз бақтарын сынады. Шара аясында бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылса, сонымен қатар футбол, волейбол, шахмат, дойбы жарыстары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық ойындарды дәріптеу және жас ұрпақты ұйымшылдық пен спортқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.

──────────

26 сентября в нашей школе ярко и весело прошёл День здоровья. Ученики активно участвовали в спортивных играх и национальных состязаниях. Ребята с большим интересом играли в «бес асық», «асық ату», «тоғызқұмалақ», а также соревновались в футболе, волейболе, шахматах и шашках.
Мероприятие было направлено на то, чтобы напомнить детям о важности заботы о здоровье, привить любовь к спорту, укрепить дружбу и сплочённость, а также сохранить интерес к национальным традициям.

“Дарын” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында “Кітап оқитын ұлт” жобасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы аптада кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Кейінгі апта бойы оқушылар өздерінің оқыған шығармалары бойынша таныстырылым дайындады. Сондай-ақ, тізім бойынша берілген кітаптарды балалар тауып алып, оқуға кірісіп те кетті.

Күзгі жәрмеңке

Мектебімізде «Адал ұрпақ» жобасы аясында дәстүрлі күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараға барлық сыныптар белсене қатысып, әрқайсысы өз қолымен әзірлеген тағамдар мен түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Жәрмеңке барысында оқушылар өзара татулық пен ұйымшылдық танытып, адал еңбек пен ізгі істердің маңыздылығын ұғынды.

Жәрмеңкеден түскен қаражат игі істерге бағытталып, мектеп өміріне пайдалы шараларға жұмсалатын болады. 

──────────

В нашей школе в рамках проекта «Адал ұрпақ» была организована традиционная осенняя ярмарка. В мероприятии активно участвовали все классы, представив собственноручно приготовленные угощения и различные изделия ручной работы. В ходе ярмарки учащиеся проявили сплочённость и взаимоподдержку, осознавая важность честного труда и добрых дел.

Вырученные средства будут направлены на благие цели.

12.09.2025 ж. “Дарын” мамандандырылыған мектеп-лицей-интернатының 10–11 сынып оқушылары үшін ақпараттық әрі кәсіби бағдар беруге бағытталған семинар өтті.

Шараның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасын кеңейту, оларды заманауи білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт беру.

Семинарға ғылым мен білім саласының беделді өкілдері қатысты:

Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің Қазақстандық филиалының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Бекмағанбетов Қуаныш Абдрахманович;

Мәскеу (Ресей) қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. Чечкин Григорий Александрович;

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық-зерттеу университетінің докторанты Кервенев Қабылғазы Ережепұлы.

Оқушылар Мәскеу мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламалары, түсу талаптары және болашақта ғылым жолын таңдаудағы мүмкіндіктер туралы құнды ақпарат алды.

       Бүгін, 03.02.25 күні, «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы төңірегінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, есірткіге жол жоқ, алаяқтық, жол қауіпсіздігі» тақырыбы аясында мектебіміздің оқушылары мен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі— Смагулов Сұлтан Ермекович; Қарағанды облысының ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының бастығы, полиция подполковнигі— Омарова Асель Бахытжановна; Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі— Жақұдаев Данияр Әбілқасымұлы; Оңтүстік-шығыс ПБ Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры— Мукышев Мирас Ермекович және Оңтүстік-шығыс ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция капитаны— Закирова Айнұр Ермековнамен кездесу өтті. 

          Кездесудің негізгі мақсаты— оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықты алдын алу және жастарды есірткі, алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерден сақтандыру болды.
        Шара барысында мамандар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдарын талқылап, заң бұзудың жауапкершілігі туралы түсінік берді. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбы кеңінен қозғалып, оның денсаулыққа зияны мен заңдық салдары жайлы ақпарат ұсынылды.
        Сонымен қатар, алаяқтық әрекеттерден қорғану, киберқауіпсіздік және интернеттегі қауіп-қатерлер туралы да маңызды ақпарат берілді. Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселелер бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.

        Ауғаныстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылуына 36 жыл толуына байланысты мектебімізде тарихи тағылымы мол кездесу өтті. Оқушыларымыз Ауған соғысының ардагерлері – Жуматаев Айтпай Мұхтарович, Тоқтабеков Серғали Жұмағұлович және Маханов Нұрболат Қарибайұлымен кездесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен естеліктерін тыңдады.
       Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлеріміздің ерлігі мен батылдығын дәріптеу, олардың бастан кешкен оқиғалары арқылы тарихымызды тереңірек түсіну.
Кездесу барысында қонақтар Ауған соғысының қиын кезеңдерін, сол кездегі жауынгерлік міндеттері мен бастан өткерген ауыр сәттерін баяндады. Олар соғыстың адам өміріне тигізген әсері, достық пен бірліктің маңызы туралы жүрекжарды әңгімелерін бөлісті.
      Оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың шынайы жауаптарын естіді. Кездесу әсерлі әрі мағыналы өтіп, оқушылар өздері үшін үлкен тәлім алды.

 

       06.02- 08.02 күндер аралығында мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Ұлттық мектеп лигасы» бойынша облыстық кезеңі өткізілуде. Облыстық дарынды мектептер: “Дарын”ММЛИ, “Озат” ММЛИ, Музыкалық ММИ, №1 “Білім-инновация”, “Н.Нұрмақов” ММЛИ, “Жамбыл атындағы ММЛИ”, Балқаш “Зияткер” ММЛ, “Мұрагер” ММЛИ, “Ақпараттық Технология” ММЛИ Жарысқа ұлдар командасынан 8 команда, ал қыздар арасында 6 команда сынға түсті.

     

      Дарын ММЛИ 7 сынып оқушыларының арасында
“Буллингке жол жол жоқ” атты оқушылар арасындағы тәлім-тренді ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға , жақсы көруге, қолдауға, сыйлауға үйрету болып табылады.
Жауапты: 7 сынып тәрбиешісі Бахытжан Санакбаевна

         

           17 ақпанда Қарағанды университетінің студент-практиканттары психолог А. Б. Байсимакованың жетекшілігімен 10 сынып оқушыларына «Сынып ұжымының бірлігі» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылар арасында өзара түсіністікті дамыту және командалық рухты нығайту болды. Тренинг барысында ұжымдағы қарым-қатынасты, сенім мен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар өткізілді, бұл сыныпта неғұрлым ұйымшыл және қолдаушы атмосфераны құруға ықпал етті.

Кітапханада 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме арқылы ұстаздар мен оқушылар өз ризашылықтарын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Оқушылар мен мұғалімдер жүрекжарды алғыстарын қалаған адамдарына арнап, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара барысында алғыс айту мәдениетінің маңыздылығы түсіндіріліп, бір-біріне ізгі тілектер айтылды. Іс-шараның басты мақсаты – мейірімділік пен ризашылық сезімін қалыптастыру, адамдар арасындағы сыйластықты нығайту болды. Дарын мектебінің шәкірттері мен ұстаздары бұл игі шараға белсенді қатысып, жүрекжарды алғыстарын білдірді

    «Қазақтың шоқ жұлдызы” Ш.Уалихановтың 190 жылдық мерейтойына 7 “Б” сыныбында танымдық сабақ өтті. Оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы біршама ақпарат алды.

 

Музыка сабағында 6 ,,Б»сынып оқушыларымен біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған “Тұнық жырдың Тұманбайы»атты ақпататтық сағат өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірбаянын,қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне шолу.Оқушылар ақынның өлеңдерінің шығу тарихымен танысып,сөздеріне жазылған әндерін орындады.

08.04.2025 күні “Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі” тақырыбында мектеп врач-педиатры Едіге Айдана Әзілханқызы және 5-ші қалалық емхананың балалар фтизиатры Жуманбаева Шарбат Нуркеновнамен танымдық кездесу өткізілді. Мамандар оқушыларға:
1.Дұрыс тамақтану тәртібі;
2.Жеке бас гигиенасы;
3.Туберкулез және оның алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпараттар берді.
Балалар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

       География пәні мұғалімі А.Карибаева 7б-сынып оқушыларымен Ш.Ш.Уәлихановтың 190-жылдық мерейтойына арналған “Шоқан экспедициясының маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
      Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын, оның экспедицияларының тарихи және географиялық маңызын талқылау, қазіргі заманғы ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін бағалау.  Дөңгелек үстел барысында оқушылар Шоқанның өмірбаяны, зерттеулері мен ғылыми қызметі,экспедицияларының маңызына жан-жақты тоқталып, ғылыми мұрасының қазіргі заман үшін қаншалықты құнды екендігін анықтап,ой бөлісті.

3.04 күні 9 “Б” сыныбының сынып жетекшісі С.Аркашевна ата-аналармен жиналыс өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде 3- тоқсанның қорытындысы және оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы қарастырылды. Сынып жетекші «Діни  экстремизм, терроризм» тақырыбында баяндама оқыды. Радикализм, экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беріліп, ара жігін ажырату бойынша ата- аналармен сұрақ- жауап жүргізілді. Балалардың бүгінгі ақпарат көп заманда жамандықтан аулақ болуының алдын алу шаралары туралы айтылды. https://rutube.ru/video/76e8e36446991831d7edbc5314b398fd/. Ата- ана жауапкершілігі туралы қысқа видеоролик көрсетілді.