«Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын»
мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ
100000 , Қарағанды қ, Гапеева көшесі, 29/2
e-mail : darynkrg@bk.ru
телефон: +7 (701) 488-03-76
«Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-да педагогтерді жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 1-2-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2012 жылы 21 ақпанда бекіткен №57-бұйрығындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында бірінші басшылар мен педагогтерді қызметке тағайындау және қызметінен босату ережелеріне» сәйкес, жүргізіледі.
Бос орынға қабылдау үшін конкурс жарияланады:
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім беретін сыныптарда биология пәнінің мұғалімі (апталық 12 сағаттық жүктемемен), есептеулермен жалғасатын ай сайын айдың 10-на дейін (педагогтің еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес);
Барлық мамандықтар бойынша мұғалімдерге арналған қызметтік міндеттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 маусымдағы № 338 «Педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілгендердің лауазымдық міндеттерінің Типтік біліктілік сипаттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 121-бұйрығына сәйкес өзгертулерімен бірге)» жасалған.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде.
Құжаттарды қабылдау графигі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) ұсынылатын құжаттар тізімінде көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (форма бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2012 жылы 21 ақпанда бекіткен №57-бұйрығына, ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568-бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында бірінші басшылар мен педагогтерді қызметке тағайындау және қызметінен босату ережелерінің 10-қосымшасына сәйкес);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты орны бойынша мекен жайы және байланыс телефоны (болған жағдайда) көрсетілген);
4) Педагогтердің типтік біліктілік сипаттамасында бекітілген лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжатының көшірмесі;
5) еңбек жолын растайтын құжат көшірмесі (болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есеп беру құжаттарының формаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №21579 болып тіркелген) бекітілген форма бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тесті (бұдан әрі – ҰБТ) туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатын растайтын куәлік (болған жағдайда);
10) Ереженің 11-қосымшасына сәйкес толтырылған педагогтің лауазымдық бос орынға немесе уақытша бос орынға үміткерлігін Бағалау парағы;
11) біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілік арттыруы туралы, ғылыми\академиялық дәреже не атақтар берілгені туралы, біліктілік санаты туралы құжаттар көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнының басшысынан ұсыным).