МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ:
Білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыазаматтық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ДАРЫН» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, КММ
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» өкіміне және Қарағанды облысы әкімінің 1996 жылғы 24 мамырдағы шешіміне сәйкес №158-а 01.08.1996 ж., Дарын мектебі ашылды.
«Дарын»мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына 2026-2027 оқу жылының 5-сыныбына конкурсқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 ақпан-15 сәуір аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды тіркеу үшін www.qabyldau.daryn.kz сайтына өтіңіздер.
Анықтама телефоны: 255241
Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретін;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Математика кафедрасы
Математика және физика кафедрасы
Толығырақ
Жаратылыстану пәндер кафедрасы
Жаратылыстану пәндер кафедрасы
Толығырақ
Информатика және физика кафедрасы
Информатика кафедрасы
Толығырақ
