"Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясы
20-22 маусым күндері Ақтоғай ауданы, Бектау-ата шатқалында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық топтарының II-ші облыстық слеті өтті.
29 Маусым 2021
Слетке мектебіміздің 10-сынып оқушылары Шакенов Арсен мен Тлетай Алишер (жетекшісі Ахметжанов Манас Есембаевич) қатысып, туристік слеттің ауыспалы вымпелімен және сертификатпен марапатталды. Слеттің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау. Слет бағдарламасына туристік экспедиция маршруттарының таныстырылымы, «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхаты, өлкетануды зерттеу, экологиялық экспедицияларды қорғау жобалары, бард әндерінің конкурсы, жорықта «зардап шеккендерге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсету жарыстары кірді.